Текст
24.09.2025
Қыркүйектің 22-23 күні біздің мектебіміздің 5-10 сынып оқушылары «Тіл-тәуелсіздік тұғыры» атты республикалық олимпиадаға қашықтықтан қатысты. Олимпиада өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілі пәнінен өтті.
Олимпиаданың мақсаты: қарым-қатынас, зияткерлік және рухани даму құралы ретінде мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылық танытатын, лингвистикаға ден қойған дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Олимпиада бір турда өткізілді. Оны өтуге 120минут бөлінді. Олимпиадалық тапсырмалар екі бөлімде берілген:-Лексика-грамматикалық бөлім-70 тапсырма; -Оқылым-50 тапсырма.
Олимпиаданың қорытындысы қазанның сегізінен кейін «Дарын» РҒПО-ның сайтында жарияланады және оқушылар жеке кабинеттерінен біле алады.



