Ақмола облысы білім басқармасының Шортандыауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ      
КГУ «Общеобразовательная школа № 2 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»      

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қадыр Мырза Әлі. Аралым…» тақырыбында ашық сабақ

21.11.2025

2025 жылдың қарашаның  21 күні педагог-сарапшы Асаинова Гульмира Каирбаевна  10А сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Қадыр Мырза Әлі. Аралым…» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға ақын Қадыр Мырза Әлі шығармашылығының маңызын терең түсіндіру, поэзиядағы туған жер тақырыбының көркемдік ерекшеліктерін ашу және өлеңнің идеялық-тақырыптық мазмұнын талдату болды.Сабақ барысында мұғалім оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланды: поэтикалық мәтінмен жұмыс, тірек сөздер арқылы интерпретация жасау, автор өмірі мен кезеңіне байланысты мини-зерттеу тапсырмалары. Оқушылар Қадыр Мырза Әлі поэзиясындағы туған жерге деген сағыныш, азаматтық үн және экологиялық мәселелер көрініс тапқан тұстарын өз ойларымен байланыстыра отырып талдады.Сабақтың интерактивті форматы оқушылардың қызығушылығын арттырып, оларды сыни ойлауға, әдеби мәтінді терең қабылдауға жетеледі. Іс-шараға қатысқан әріптестер сабақтың мазмұнды, әдістемелік тұрғыдан жан-жақты болғанын атап өтті.Асаинова Г.К. өткізген ашық сабақ оқушылардың әдеби талдау мәдениетін қалыптастыруға, ұлттық поэзия мұрасын қадірлеуге және Қадыр Мырза Әлі шығармаларының құндылығын сезінуге ықпал етті.

Просмотров: 189


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст