Ақмола облысы білім басқармасының Шортандыауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ      
КГУ «Общеобразовательная школа № 2 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»      

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндік

10.11.2025

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі 2025 жылғы 10–21 қараша аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында заманауи технологияларды қолдану» атты тақырыптық онкүндік өткізуді бастайды. Бұл онкүндіктің мақсаты – білім беру үдерісінде цифрлық және интерактивті технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту және заманауи білім беру үрдісінің талаптарына сай жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізу.
Онкүндік барысында мұғалімдер мен оқушылар үшін түрлі форматтағы ашық сабақтар, шеберлік сағаттары, тренингтер, викториналар және әдеби кештер ұйымдастырылады. Әрбір шарада оқытудағы инновациялық тәсілдер мен цифрлық платформаларды (Kahoot, Quizizz, Padlet, Canva, LearningApps т.б.) қолданудың тиімділігі көрсетіледі.
Ашылу салтанатында онкүндіктің мақсат-міндеттері таныстырылып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің қоғамдағы маңыздылығын арттыруға бағытталған бастамалар ортаға салынады. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен жобалары ұсынылады.
Бұл онкүндік ұстаздар қауымы мен оқушылардың кәсіби және тұлғалық дамуына ықпал етіп, білім берудегі инновациялық мәдениетті нығайтуға зор үлес қосады деп күтілуде.

/public/files/2025/11/10/101125_173002_priglashenie.mp4

/public/files/2025/11/10/101125_172755_oformlenie.mp4

Просмотров: 229


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст