12.11.2025
Бүгін біздің мектебімізде мемлекеттік тілді насихаттау және қолдану аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған «Мен қазақ тілін үйренемін» атты челлендж өтті. Бұл бастама Научный мектебінен бастау алып, аудан бойынша көптеген мектептер мен білім ордаларына эстафета түрінде таралып келеді деп ойлаймыз.
Челлендждің негізгі мақсаты –өзге ұлт өкіллерін қазақ тілін үйренуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға және тілді күнделікті өмірде кеңінен қолдануға ынталандыру.
Біздің оқушылар белсенді түрде қатысып, өз бейнежазбаларында қазақ тілінде жылы лебіздері мен сөздерін айтып, мемлекеттік тілге деген құрметтерін көрсетті. Іс-шара барысында қатысушылар тілді үйренудің маңыздылығы мен өз тәжірибелері туралы да бөлісті.
Челлендж соңында қатысушылар Шортанды кентінің №1 мектебіне эстафетаны жолдап, қазақ тілін дәріптеу қозғалысын жалғастыруға шақырды.
Бұл челлендж бізге қазақ тілін үйрену – тек міндет емес, үлкен мүмкіндік екенін көрсетті.
/public/files/2025/11/12/121125_174124_whatsapp-video-2025-11-12-at-163601.mp4