Текст
12.11.2025
Қазақ тілі онкүндігінің аясында 2025 жылдың 12 қарашасында Шортанды кентінің №2 жалпы білім беретін мектебінің
2 “А” сыныбында қазақ тілі мұғалімі Жапарова Әйгерім Абаевна «Менің мектебім» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың мектеп туралы сөздік қорын байыту, сөйлем құрау және байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
Сабақта оқушылар мектеп бөлмелерін атауды үйреніп, «Қайда?» сұрағына дұрыс жауап беруді, сөздерді сөйлем ішінде қолдануды меңгерді. Топтық тапсырмалар, суретпен жұмыс өткізілді.
Сабақ жылы, достық атмосферада өтті.
/public/files/2025/11/12/121125_215052_whatsapp-video-2025-11-12-at-203754.mp4
