Текст
13.11.2025
Бүгін 6"б" сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиет онкүндігі аясында "Тілдерді оқыту" орталығына саяхат жасау шарасы өтті. Саяхат барысында оқушылар орталықтың жұмысымен және ондағы қазақ тілін оқыту әдістемелерімен танысты. Сонымен қатар, тіл үйренушілерге арналған көрмемен танысып, заманауи оқыту құралдары мен цифрлық ресурстарды көрді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін дәріптеу және көптілділік мәдениетін қалыптастыру болды. Саяхат соңында орталық қызметкерлері оқушыларға қызықты викториналар ұйымдастырылды.

