Ақмола облысы білім басқармасының Шортандыауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ      
КГУ «Общеобразовательная школа № 2 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»      

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл – халық қазынасы» тақырыбында дөңгелек үстел

14.11.2025

«Тіл – халық қазынасы» атты дөңгелек үстел өтті

Бүгін мектеп кітапханасында қазақ тілінің мәртебесін арттыруға, ана тіліміздің құндылығын дәріптеуге арналған «Тіл – халық қазынасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараны 11-сыныптың сынып жетекшісі Асаинова Г.К. мен мектеп кітапханашысы Самофалова Н.Н. бірлесе өткізді.

Дөңгелек үстел барысында оқушылар тілдің ұлттық мәдениеттегі рөлі, ұлт бірлігін сақтаудағы маңызы, тіл мұрасының ұрпақтан-ұрпаққа жетуі туралы өз ойларымен бөлісті. Қазақ тілінің тарихи дамуы, тіл тазалығы және қазіргі жастардың тіл мәдениеті жөнінде мазмұнды пікірталас өрбіді.

Шараға қатысушылар көркем әдебиеттерден алынған мысалдар арқылы тілдің көркемдігі мен байлығын айқындап, қазақ тілін дамытуға әрбір азаматтың жауапкершілігі туралы ой қозғалды. Сонымен қатар кітапханашы қазақ тілінің тарихы мен тіл жанашырлары туралы ақпараттық таныстырылым ұсынды.

Іс-шара оқушылардың тілге деген құрметін арттырып, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге ықпал етті.

Просмотров: 330


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст