Ақмола облысы білім басқармасының Шортандыауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ      
КГУ «Общеобразовательная школа № 2 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»      

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Туған өлкені жырлаймыз»

21.11.2025

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті
Сыныбы: 6 «А»
Тақырыбы: «Туған өлкені жырлаймыз»
Өткізген: Бердимурат Күнсулу

2025 жылдың 20 қараша күні 6 «А» сыныбында «Туған өлкені жырлаймыз» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз өлкесінің табиғаты мен тарихын танып-білуге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Сабақ барысында оқушылар туған өлке туралы өлеңдерді талдап, үзінділер оқыды. Топтық жұмыс кезінде балалар өз туған жері туралы шағын жыр шумақтарын құрастырып, постерлер қорғады. Сонымен қатар оқушылар туған өлкеге байланысты бейнематериалдар тамашалап, өз ойларын еркін жеткізді.
Сабақтың ерекшелігі – оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі интерактивті әдістердің қолданылуы. Қатысушылар оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығының жоғары болғанын атап өтті.
Өткізілген ашық сабақ оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін оятып, әдебиетке деген қызығушылығын арттыра түсті.

Просмотров: 201


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст