Ақмола облысы білім басқармасының Шортандыауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ      
КГУ «Общеобразовательная школа № 2 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»      

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл дарыны» байқауы

21.11.2025

2025 жылдың  қарашаның  21 күні күні білім беру ұйымында қазақ тілінің мәртебесін арттыру, мұғалімдердің тілдік мәдениеті мен кәсіби шеберлігін дамыту мақсатында мектеп мұғалімдері арасында «Тіл дарыны» байқауы өткізілді.Әрбір әдістемелік бірлестіктен екі ұстаз қатысты.
Байқаудың негізгі мақсаты – педагогтардың тілдік қабілеттерін ашу, көркем сөзді қолдану шеберлігін жетілдіру, сондай-ақ қазақ тілін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдерді насихаттау. Іс-шараға пән мұғалімдері, жас педагогтар және тәжірибелі ұстаздар белсенді қатысып, өзара шеберлік пен тапқырлық танытты.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды:
– Таныстыру – қатысушылар өздерін шығармашылық түрде таныстырды;
– Тіл шебері – көркем мәтінді мәнерлеп оқу және тілдік талдау;
– Тапқыр ұстаз – педагогикалық жағдаяттарды шешу және тіл нормаларын сақтау бойынша тапсырмалар;
– Шығармашылық кезең – өнер, өлең немесе ән шырқау  ұсынылды.
Қатысушылар жоғары кәсіби дайындықтарын, ой ұшқырлығын және қазақ тіліне деген ерекше құрметін көрсетті. Қазылар алқасы байқау жұмыстарының сапасына жоғары баға беріп, үздік деп танылған мұғалімдерді марапаттады.
Бас жүлде: Лысенко В.П.,Кулинич О.А.
І орын: Гавриш В.А.,Минасян И.В.
ІІ орын: Лебедев Н.М.,Павлова С.А.
ІІІ орын:Чаус А.И., Ручканова А.Ю.
«Тіл дарыны» байқауы ұстаздар қауымының тілдік мәдениетін арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға зор ықпал етті.

Просмотров: 188


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст