Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің нұсқауын орындау барысында Шортанды ауданының төтенше жағдайлар бөлімі 24 қаңтар мен 24 ақпан аралығында ауданның барлық мектептерінде өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілді. Шортанды № 2 орта мектебінің оқушылары "Өмір керемет, ол қауіпсіз болғанда" суреттер байқауына және шығармалар сайысына белсене қатысты. ТЖ бөлімінің қызметкерлері байқау қорытындысын шығарды. 25 ақпанда Шортанды к.18-ӨСБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау аға лейтенанты И. К. Өміров және Шортанды ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Е. Д. Азимбаев біздің мектепке барды, 3-4 сынып оқушыларымен "сіріңке балалар ойыншығы емес" атты профилактикалық әңгіме өткізді, сондай-ақ конкурс жеңімпаздарына грамоталар мен сыйлықтар табыс етті.